Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Қош келдіңіздер!

Біз, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі сайтында Сіздермен қауышқанымызға қуаныштымыз.

Спорт денсаулық кепілі. Спорт әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқарады, себебі адамның денінің сұлулығы тікелей спортпен байланысты. Спорттың адамға беретін пайдасы мол, мысалы: денең шымыр, иммунитет жоғары, адамның төзімділігі артады, және таза ауада шынығу адамның миының жұмысын жақсартады. Қазіргі жасөспірімдер спортпен шұғылданатын болса олардың денсаулықтары жақсырады.

Біздің сайтқа қош келдіңіздер! Біз, Сіздермен қатынас жасау үшін қуанышты да ашықпыз. Сіздердің әр қайсыларыңыз, біздің идара құзыретке енетін көптеген сұрақтарға жауап алаласыздар.


Пресс— релиз

Құрметті салық төлеушілер! 

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан бастап Комитеттің Байланыс — орталығы арқылы салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланысы негізінде көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты  арнайы Qr-код басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы https://kgd.qosyl.kz/ «Бейнеқоңырау» сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.

Пайдаланушы әлемнің кез-келген нүктесінен тегін бейне қоңырау шала алады (интернетке қол жетімді ұялы телефонның немесе компьютердің болуы жеткілікті).

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.

Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі — жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 

22.08.2023

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ, спорт жөніндегі бас маман, санаты Е-R-4, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 168577 теңгеден 193642 теңгеге дейін.Блок C.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудан ішінде спорт шараларын өткізуді ұйымдастыру. Спорттың әр түрлері бойынша облыстық және аудандық жарыстарға қатысу үшін құрама командаларды дайындау және құру, дене шынықтыру және спорт саласында Президент саясатын жүзеге асыру. Саламатты өмір салтының қағидаларын жүргізу және жүзеге асыру. Аудан аумағында бұқаралық спорт және спорттың ұлттық түрлерінің дамуын қолдайды. Мүгедектердің дене шынықтыру-спорттық бірлестіктерімен бірге аудан деңгейінде спорттық шаралардың өткізілуін және де мүгедектер арасында облыстық жарыстарда дайындық пен қатысуды ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: «Педагогиқалық ғылымдар» (алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт), «бизнес, басқару және құқық» (спорт менеджменті) бағыттары бойынша не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» (дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі талап етіледі. 

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестер және өзгерістерге басшылық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, шешімдерді қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және әрекеттестік, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не Akkain-akimat@sko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

2-Қосымша (DOCX 23 Kb)

 04.01.2023

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ, спорт жөніндегі бас маман, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 168 577 теңгеден 193 642  теңгеге дейін. Блок С.

Негізгі  функционалдық міндеттері:

Аудан ішінде спорт шараларын өткізуді ұйымдастыру. Спорттың әр түрлері бойынша облыстық және аудандық жарыстарға қатысу үшін құрама командаларды дайындау және құру, дене шынықтыру және спорт  саласында Президент саясатын жүзеге асыру. Саламатты өмір салтының қағидаларын жүргізу және жүзеге асыру. Аудан аумағында бұқаралық спорт және спорттың ұлттық түрлерінің дамуын қолдайды. Мүгедектердің дене шынықтыру-спорттық бірлестіктерімен бірге аудан деңгейінде спорттық шаралардың өткізілуін және де мүгедектер арасында облыстық жарыстарда дайындық пен қатысуды ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: «Педагогиқалық ғылымдар» бағыты бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» (Білім) бейіні бойынша рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды (ZIP 15 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ туралы ереже  (ZIP 6847 Kb)

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама (ZIP 29 Kb)

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған телефон хабарламаларын жасағаны үшін жауапкершілік туралы» (ZIP 11180 Kb)

Жаңалықтар

Конкурс
18.04.2024

Конкурс

2024 жылғы 18 сәуір «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі

Хабарландыру
24.05.2021

Хабарландыру

"СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ Мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлаймыз, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00 — ден 18:30-ға дейін,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер! «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызме