Конкурс

2024 жылғы 18 сәуір

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ, бөлім басшысы, санаты Е-R-1, 1 бірлік. Блок А.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін. (380392)

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін үйлестіру, жерді пайдалану саласындағы Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің заңдарының нормативтік актілерінің орындалуын қадағалау. Аудандық атқарушы және өкілетті орандарымен жер қатынасын реттеу сұрақтары бойынша және жерді пайдалану, жерді қорғау және жер реформасын өткізуде өзара қарым қатынаста болу. Жерді реформалау және қоныстандыру жұмыстарын ұйымдастыруды іске асыру. Жерді қорғау және мақсатты пайдалануын іске асыруын тексеру. Жер заңдарының аймағында әкімшілік тәртіп бұзушылардың жұмысын қарау. Заң шығару актілер негізі бойынша жер пайдалану құқығы және жер участкесіне жеке меншік құқығын тоқтату туралы орындаушы мүшелердің қарауына нұсқауларды кіргізу. Жерді зоналау жұмыстарына тексеріс жүргізу. Жерді куәләндіру құқығын беру. Аудандық бағдарламаның сызбасын және жобасын, жерді қорғау және пайдалану сұрақтарының сараптамасын өткізу. Мемлекеттік жерді пайдалану ұсынысында жеке меншікке сатылғанда, жер учаскесінің бөлінуі, бөлінбеуі туралы анықтама. Жерді орналастыру және жер реформасын жүзеге асыру бойынша ауылдық округтің қызметін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім білім (дене тәрбиесі мұғалімі); бизнес, басқару және құқық (спорт менеджменті және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (дене шынықтыру және спорт және/немесе бастапқы әскери дайындық).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiнмемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы нехабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Akkain-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Өтініш (DOCX 17 Kb)

18.04.2024
Қаралым саны: 41